Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының cән-салтнатты сағаттар жинағы көпшіліктің талқысына түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) демеушілік жасау және қаржыландыру тақырыбы соңғы жылдарда жиі талқыға түсетін болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Arbat.media басылымының хабарлауынша, Қазақстан Бас мүфтиінің салтанатты сағаттар жинағы желі қолданушыларының көкейінде бірқатар сұрақтар туғызған.
"Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлында қол сағаттардың тамаша жинағы бар", – делінген “Чиновник” Telegram-арнасы.
"Қымбат сағаттарға" келсек, ҚМДБ олардың Бас мүфтиге сыйлық ретінде берілгенін мәлімдеді. ҚМДБ мұндай сыйлықты кім жасағанын нақтыламады, бірақ Наурызбай қажы ешқашан мемлекет ақшасына немесе қоғамдық қайырымдылыққа өзіне қажетті заттар сатып алмаған деп сендірді.