Нұр-Сұлтан полициясы жолаушыны тонап кеткен 30 жастағы такси жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің хабарлауынша, полицияға қала тұрғынынан шағым түскен. Айтуынша, оны такси жүргізуші соққыға жығып, ақша салынған сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алған.
«Тергеу барысында такси жүргізуші жолаушыны үйіне жеткізгені анықталды. Жолда келе жатқанда екеуінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан күдікті күш қолдану арқылы жәбірленушіні тонаған», – делінген хабарламада.
Полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бұрын ұрлық үшін сотталған.