«Қазгидромет» РМК 15 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз аймақтың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с артады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз өңірдің шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батыста, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 23 м/с артады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысыңда екпіні 15-20 артады.
Күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы қаласында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, күші 25 м/с жетеді.