$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық берді

Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында табиғат жанашылары тартылып қалған Арал теңізін қайта суға толтыру үшін Құдайдан көмек сұрап, тасаттық берді, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.

Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз мәселесін көтеріп жүрген белсенділер, экологтар, тіпті дін өкілдері мен осы өңірдің тұрғындары қазақи дәстүрмен тасаттық берді.

Рәсімге 500-дей адам қатысқан. Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.

Еске салсақ, былтыр дәл осы Арал ауданында жауын жаумай, жұрт қуаңшылықтан зардап шеккен еді. Ал экомарафон кезінде құрбандық шалынып, жиналғандар жаратқаннан жауын тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары