$ 494.87  520.65  4.91

Кей еркектер «әйелдерге арналған вагон құқығымызды шектейді» деп шағымданған

Бүгінде әйелдер вагоны 3 өңірде 8 бағыт бойынша қатынайды. Атап айтқанда, Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Алматы – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыттары.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елімізде әйелдерге арналған пойыз вагондары қызметіне қатысты шағым түсірген жағдай тіркелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.

«Әйелдерге арналған вагондардың іске қосылуына байланысты құқығымыз шектелді деп шағым жазған ер адамдар болды. Әйелдер арнайы вагондардың болуын қуана қабыл алды. Өз кезегінде ер адамдар да мұндай жаңашылдықтарды қолдауы тиіс. Ұзақ сапар кезінде әйелдерге кеудесін жауып отырып бала емізуге тура келеді. Бұл ыңғайсыздық туғызады», - деді Қайсар Жұмабайұлы БАҚ өкілдерімен өткен бейресми кездесуде.

Аталған ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінде әйелдер вагоны 3 өңірде 8 бағыт бойынша қатынайды. Атап айтқанда, Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Алматы – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыттары.

Еске сала кетсек, өткен жылдың күзінен бастап кейбір пойыздарда тек қана әйелдерге арналған вагондар іске қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары