18.05.2022, 17:40

Алматыда «Атакент» маңында өрт болып жатыр

Фото: ашық дереккөз
Алғашқы жеткен өрт сөндірушілер №9 павильон жанып жатқанын анықтады.

Алматыда «Атакент» маңында алапат өрт шықты. Куәгерлер оқиға видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері ведомство күштері мен техникасы Бостандық ауданы, Тимирязев 42 мекенжайындағы өртке жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілгенін хабарлады.

«Алғашқы жеткен өртсөндірушілер №9 павильон жанып жатқанын анықтады. Өрттің таралу қаупі жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.