$ 494.87  520.65  4.91

Лауазымды тұлғалар танкіге ескі қозғалтқыш қою арқылы 1 млрд теңгені қолды қылған

Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сүлейменов айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметі.

«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған. Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танкілерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды» делінген хабарламада.

Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сүлейменов айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары