$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!» деп тепсінген түркістандық өзбек кешірім сұрады

Дау жайылымдық жерге байланысты шыққаны нақтыланды.

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы Ханарық ауылының тұрғыны, өзбек ұлтының өкілі қазақтарға байланысты балағат сөзі үшін кешірім сұрады.

«Әлеуметтік желіде менің сөздерім тарап кетті. Басымды иіп тұрып, қазақ елінен, түркістандықтардан кешірім сұраймын. Бәріңіз кешіріңіздер мені! Осылай қате жолға шығып қалдым. Жерлестер, ауылдастар, жастар, үлкен кісілер, бәріңізден басымды иіп кешірім сұраймын!» - делінген оның басы салбырап тұрып сұраған кешірімінде.

Расында да дау жайылымдық жерге байланысты шыққаны нақтыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары