Павлодар облысында болған жол апатынан бір адам көз жұмды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
20 мамыр күні сағат 03:00-де Қызылорда-Павлодар тас жолының Шідерті ауылының маңындағы жанар-жағармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста 34 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жол жиегінде тұрған Mazda көлігін соққан. Салдарынан Mazda қозғалып барып алдындағы Hyundai Accent көлігіне соқтығысқан.
- Жол апаты салдарынан Mazda көлігінің 27 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Hyundai және Mazda көліктерінің жүргізушілері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Барлық көлік арнайы айып тұрағына қойылды.