Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев «Ашық әңгіме» жобасына берген сұхбатында атпен түсірілген сенсациялық видео туралы ойын айтты. Ол осы видеодан соң Атырау облыстық полиция басқармасының бастығы қызметінен айырылған болатын, деп хабарлайды «Лада» порталы.
2019 жылдың мамыр айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы болып тұрған Дүйсембаевтың жылқы сыйға алғаны туралы видеоға байланысты қызметтік тексеру жүргізген болатын.
Тағы оқыңыз: Атырауда ат мінгені үшін қызметінен кеткен генерал жаңа қызметке тағайындалды
Бейнежазба жария болғаннан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Дүйсембаевтың «әдепсіз мінез-құлқына байланысты" тексеру жүргізуді тапсырды. 20 мамырда ол генерал қызметінен босатылып сол жылдың желтоқсанында әкім Серікбай Трумовтың кеңесшісі ретінде жаңа қызметке ие болды. Ал 2022 жылдың ақпанында Маңғыстау облысының полициясын басқарды.
Енді Дүйсембаев осыдан үш жыл бұрын өз еркімен жұмыстан кеткенін, әлеуметтік желіде жарияланған "Атты алып кетті, жұмыстан қуды» деген мақаланың шындыққа жанаспайтынын айтады.
Ол «генерал» шенін алған соң Атырау облысындағы Қызылқоға ауылына барып, ауылдастарына ауызашар бергенін айтты. Сонда үлкендер қазақтың әдет-ғұрпы бойынша атқа отыруды өтінген. Ішкі істер министрлігі тексеріс жүргізген кезде де ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.
Ол желілерде осыған байланысты сұрақтар әлі күнге дейін қойылып жүргенін жеткізді. Және ұзақ уақыт шындықты айтып, ақталмай үнсіз келгенін айтты.
«Мен Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов сынды танымал академиктер шыққан Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келдім. Мен ішкі істер министрлігінде жұмыс істеп жүргенде ауылымның ақсақалдары бәрі бірауыздан біздің ауылдан қаншама мықтылар шыққанын, бірақ әлі бір генерал жоқ екенін айтатын. 2019 жылдың 6 мамырында маған генерал шені берілді. 2019 жылдың 11 мамырында ораза ұстап, министрден демалыс сұрап, ауылыма барып, мешітте ауызашар рәсімін жасадым. Жиында ақсақалдар қасыма келіп, шапан кигізіп, ат әкеліп, немерелері де мен сияқты генерал болсын деп ырымдап мінуімді сұрады. Осы өтініштен кейін мен атқа отыруға мәжбүр болдым»,- деді Аян Дүйсембаев.
Ол бұл оқиғалардың әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, ел Президентінің назарын аударғанын, салдарынан үстінен тексеру тапсырылғанын жеткізді
«Ішкі істер министрлігі жүргізген тексеруде менің әрекетімнен ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Бірақ, мен кез келген генерал Жоғарғы Бас Қолбасшының ескертуінен кейін қызметте жүруін құптамай, өз еркіммен барып арыз жаздым»,- деп қосты Дүйсембаев.
«Полиция басшысы лауазымынан босатылғаннан кейін жеті ай жұмыссыз қалдым және ішкі істер министрлігінің қарамағында болдым. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5-бөлігіне сәйкес ішкі істер органдарының қарауында болдым. Қазақстан «Құқық қорғау қызметі туралы» мен ішкі істер органдарынан өз қалауым бойынша жұмыстан кету туралы арыз жаздым. Желтоқсан айының басында мен Атырау, Маңғыстау облыстарының әкімдеріне хат жазып Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумов маған өзінің кеңесшісі қызметін ұсынды», - деді Аян Дүйсембаев.