$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында автокөлік жер үйдің шатырына құлады

Жүргізуші жеңіл жарақат алды.
Алматы облысы Боралдай ауылында BMW X5 автокөлігі жер үйге жапсарлас салынған орын-жайдың шатырына құлап, электр бағанасын қиратты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Іле ауданы Боралдай ауылында 23-інен 24 мамырға қараған түні болған.
 
"BMW X5" көлігін тізгіндеген 29 жастағы жергілікті тұрғын рөлге ие бола алмай, жолдан ұшып кеткен. Сөйтіп жер үйге жапсарлас салынған нысанның шатырына құлаған. Газ құбыры аркасына зақым келіп, электр бағанасы құлаған.
Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ауруханаға жатудан бас тартты. Басқа зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот жақын арада жиналған материалды қарайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары