$ 494.87  520.65  4.91

Техаста мектептегі атыстан қаза тапқан балалар саны 19-ға жетті

Атысты ұйымдастырған – 18 жастағы жергілікті тұрғын Сальвадор Рамос.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

24 мамырда Увалде қаласындағы (Техас, АҚШ) Робба бастауыш мектебіне қарулы шабуыл жасалып, салдарынан 19 бала мен екі ересек адам қайтыс болды, деп хабарлайды BBC News агенттігі.

Атысты ұйымдастырған – 18 жастағы жергілікті тұрғын Сальвадор Рамос. Жігіттің үстінде оқ өтпейтін жилет болған, тапанша және AR-15 жартылай автоматымен қаруланған. Қылмыскер тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапты.

Көз жұмған ересектердің бірі – осы мектептің мұғалім Ева Мирелес еді. Тәртіпсіздік басталған кезде жасөспірім әжесін атып өлтірді деген күдікке ілінді. Атыс кезінде шекара жасағының екі қызметкері жараланған, қазіргі кезде олардың жағдайы бірқалыпты.

АҚШ-та аза тұту күні жарияланып, Увалдадағы құрбандардың құрметіне Ақ үй мен АҚШ-тың басқа да федералды ғимараттарындағы ту жартылай түсірілген.

Америка мектептеріндегі атыс - жиі қайталанатын төтенше жағдайға айналды. Өткен жылы осындай 26 оқиға тіркелген. 2012 жылы Коннектикут штатында орналасқан Сэнди Хук бастауыш мектебіндегі атыс осындай оқиғалардың ішіндегі ең сұмдығы еді. Салдарынан 5 пен 6 жас аралығындағы 26 бала көз жұмды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары