$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент тұрғыны көше ортасында әйелін соққыға жықты (ВИДЕО)

Тексеру барысында полицейлер ер адам әйелін отбасылық жанжалдан кейін ұрғанын анықтады.

Шымкентте ер адам жұрттың көзінше әйелін соққыға жықты, деп хабарлайды Skifnews.kz тілшісі.

Шымкенттің Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда болған.

"Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында ер адам әйел адамды ұрып жатқан видео тарады. 27 мамырда әл-Фараби аудандық полиция бөліміне ер адам әйел адамды ұрып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар келді. Тексеру барысында полицейлер ер адам әйелін отбасылық жанжалдан кейін ұрғанын анықтады. Әйел адам шағым түсіруден бас тартты. Учаскелік полицейлер ер адаммен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бұл әрекет қайталанған жағдайда ер адам әкімшілік қамауға алынуы мүмкін", - деп хабарлады Шымкент ПД өкілдері.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары