Бүгін футболдан Чемпиондар Лигасы финалында ағылшындық «Ливерпуль» мен испаниялық «Реал-Мадрид» командалары бақ сынайды. Турнирдің шешуші матчы бүгін (Нұр-Сұлтан уақытымен 29 мамыр сағат 00:50-де) Париждегі «Стад-де-Франс» стадионында өтеді.
Қазақстанда «Ливерпуль» – «Реал Мадрид» матчын тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады. Финалға Parimatch-тың коэффициенттері төмендегідей: «Ливерпуль» жеңісі – 2,05, тең ойын – 3,75, «Реал Мадридтің» жеңісі – 3,55 (негізгі уақытта). Матчтағы жеңіс: «Ливерпуль» – 1,58, «Реал Мадрид» – 2,48.
Тағы оқыңыз: Футбол: Чемпиондар Лигасының финалы 28 мамырда өтеді
Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпуль» испаниялық «Вильярреалды» екі матчтың қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңді. «Реал» ағылшындық «Манчестер Ситимен» болған жартылай финалдық кездесуде екі кездесудің қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.
1/8 финалда «Реал» француздық «ПСЖ», ал ширек финалда ағылшындық «Челсиді» жеңген еді. «Манчестер Сити» 1/8 финалда португалиялық «Спортингтен», ал ширек финалда испандық «Атлетикодан» басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, «Реал» мен «Ливерпуль» 2018 жылы Чемпиондар Лигасының финалында кездескен болатын. Ол кезде 3:1 есебімен мадридтік команда жеңіс тұғырынан көрінген.