$ 446.49  475.38  4.79

ЧЛ: «Реал Мадрид» - чемпион!

Есеп екінші таймда ашылды. 59-минутта «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор гол соқты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін түнде футболдан Чемпиондар лигасының 2021/2022 маусымының финалы Францияның  Сен-Дени қалашығындағы «Стад де Франс» стадионында «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» командалары арасында өтті, деп жазады Skifnews.kz.

Есеп екінші таймда ашылды. Финал ойынындағы жалғыз голды 59-минутта «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор салды, оған Федерико Вальверде көмектесті. Айта кетейік, бразилиялықтың соққысы корольдік команданың «Ливерпуль» қақпасына дәл соққан алғашқы соққысы болды.

Матчқа Клеман Тюрпен жетекшілік ететін француз төрешілер тобы қызмет көрсетті. Тюрпенге көмек ретінде Николя Дано мен Сириль Гренгор бар. Резервтегі төреші – Бенуа Бастьен. Жером Бризар VAR жүйесін басқарды. 

Чемпиондар лигасының жартылай финалында  «Ливерпуль» испаниялық «Вильярреалды» екі матчтың қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңді. «Реал»  ағылшындық «Манчестер Ситимен» болған жартылай финалдық кездесуде екі кездесудің қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

1/8 финалда «Реал» француздық «ПСЖ», ал ширек финалда ағылшындық «Челсиді» жеңген еді. «Манчестер Сити» 1/8 финалда португалиялық «Спортингтен», ал ширек финалда испандық «Атлетикодан» басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» мен «Ливерпуль» 2018 жылы Чемпиондар Лигасының финалында кездескен болатын. Ол кезде 3:1 есебімен мадридтік команда жеңіс тұғырынан көрінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары