Жаңалықтар 30.05.2022 сағат 03:20

Қызылорда облысында тепловоз бен көлік соқтығысты

Көліктің жолаушысы жеңіл дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қызылорда облысында тепловоз бен көлік соқтығысты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысында жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, жарақат алған бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 29 мамырда сағат 14:14 шамасында болды. Сол уақытта Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторынан хабарлама түскен. Онда Қамыстыбас елді мекенінің тұсында реттелмейтін (кезекшісіз) теміржол өткелінде ВАЗ автокөлігі жол ережесін сақтамай, тепловозбен соқтығысқаны айтылған.

«Бұл оқиға Арал аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кiтабына тіркелді. Тексеру барысында Қамыстыбас елді мекенінің тұрғыны бір жолаушысымен теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына ұшырағаны анықталды. Көліктің жолаушысы жеңіл дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 607-бабы және 610-бабымен хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар