Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын мәлім етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас - SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл - шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», - деп жазды Жансая Әбдімәлік.
Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған.
«Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-рет Бундеслига жеңімпазы атанды!» - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Жансая Әбдімәлік, Рухия Байдүкенова, Сәкен Бибосыновтың фильмге түсіп жатқаны туралы жазылды.