Жаңалықтар 30.05.2022 сағат 09:40

Атырауда «Газель» мен автобус соқтығысып, жолаушылары ауруханаға жеткізілді

Полиция қызметкерлері тергеуді бастады.
Атырауда «Газель» мен автобус соқтығысып, жолаушылары ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атырауда жол апатына ұшыраған «Газель» жүргізушісі мен автобус жолаушылары ауруханаға түсті. Атырау қалалық полиция басқармасынан мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 29 мамырда, сағат 19:00 шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты мұнайлы шаһарға таяу орналасқан Тасқала-3 елді мекеніндегі 18-ші және 21-көшенің қиылысында болған. Жолаушы тасымалдайтын «Daewoo» маркалы автобустың жүргізушісі оң жақта келе жатқан «Газель» көлігіне жол бермеген. Осылайша, автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасына себепкер болды. «Газель» көлігі соққы екпінімен аударылып, көше жарығының бағанына соғылды», - деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасынан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде «Газель» көлігінің жүргізушісі мен қоғамдық көліктің бірнеше жолаушысы бар. Полиция қызметкерлері тергеуді бастады.

«Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері анықталып отыр. Бұл – елді мекенде қозғалыс жылдамдығын арттыру, қарсы бағытқа шығу және басты жолақтағы көлікке жол бермеу», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қызылорда облысында тепловоз бен көлік соқтығысқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар