Тик-ток әлеуметтік желісінде Юлия есімді әйелдің қазақтарды жабайыға теңеген бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Әжем де, анам да Қазақстанда тұрды. Өзім Қазақстанда 36 жыл тұрдым. Қазақ тілі бізге түкке де керек емес. Қазір Арменияда тұрамын. Қазақтар киіз үйде тұрып, әжетханасыз құманмен далаға отыратын жабайы еді. Біз арқылы қалыптасты”, - депті тик-токта Юлия есімді әйел.