Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан мектеп директорының мұғалімдерді сынап, оларға бейәдеп сөз айтқанын байқауға болады.
Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.
«Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар. Мұрынбоқ адам мектепте бала оқытып жүрген бе? Мынау директор неше жылдан бері лас аузымен коллектив басқарып, қатардағы мұғалімдерді кемсітіп, бала тәрбиелеп келген бе?», - деп жазған ол.
Оқиғаға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.
«Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлер іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады», - делінген хабарламада.