Жаңалықтар 03.06.2022 сағат 03:40

Өскеменде қатты желден кран құлап кетті

Зардап шеккен ешкім жоқ.
Өскеменде қатты желден кран құлап кетті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен қаласында қатты желден мұнаралы кран құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 1 маусымда Сәтбаев даңғылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты үйдің маңында болған.

«Қатты желдің салдарынан құрылыс алаңындағы мұнаралы кран құлап кетті. Зардап шеккен ешкім жоқ. Кран басқа ғимараттар мен құрылыс нысандарына еш зақым келтірмеді», - делінген ақпаратта.

Сол сәтте кран жұмысқа қолданылмай, бос тұрған. Енді комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар