19 жастағы әскери қызметшінің мәйіті бүгін таңертең табылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне істің мән-жайы анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіт өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысындағы шекара әскері сарбазының қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Белсенді Азамат Сәрсенбаев: "Бүгін Маңғыстау облысында таңғы сағат 5-те шекара әскерінің сарбазы асылып өлген күйде табылды. 2003 жылы туған ұл бала Түркістан облысының тұрғыны", - деп жазды.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.