ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінде мерзімді қызмет әскери қызметшісінің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын мәлімдеді, – деп хабарлады Ulysmedia.kz ҰҚК ШК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда”, делінген хабарламада.
Кеше Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз көз жұмғаны туралы хабарлама тарады. Әскери бөлім қызметкерлері туыстарына оның өлер алдында жазған "хаттарын" жіберген.