ҚР Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95%-ды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды»,-делінген ҚР СІМ хабарламасында.