$ 494.87  520.65  4.91

Сыртыңыздан несие рәсімделгенін қалай білуге болады?

Бұл көп жағдайда адамның желіге тарап кеткен жеке деректерін пайдалану арқылы жасалады.

Қазақстандықтар жалған немесе жоғалған құжаттар, интернеттен табылған дербес деректерін пайдаланып, атынан микрокредит рәсімдеген алаяқтардың құрбанына айналуда. Бұндай жағдайлар соңғы уақытта көп кездесіп жүр. Осы орайда Sputnik Қазақстан кредит рәсімделгенін білу жолдарын көрсетті.

Басылым мәліметінше, елімізде кең таралған алаяқтықтың түрі - микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн кредит рәсімдеу. Бұл көп жағдайда адамның желіге тарап кеткен жеке деректерін пайдалану арқылы жасалады.

Сонымен қатар алаяқтар несие рәсімдеудің басқа да әдістерін қолданып жүр. Соның ішінде кеңінен тараған: иесінің келісімінсіз SIM-карталарды қайта шығару; қашықтағы банкинг арқылы ақша қаражатын ұрлау үшін SMS-ті қайта бағыттау/ұстап алу; телефон нөмірлерін ауыстыру бағдарламаларын пайдалану (бұл оларға басқа адамдардың нөмірлерінің астында жасырынуға мүмкіндік береді).

Бұның алдын алу үшін елімізде қандай шаралар жасалып жатыр? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген уақытта қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті. Енді онлайн-микрокредит беру үшін микроқаржылық ұйым мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті.

Олар:

электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау арқылы;

қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.

Сонымен қатар 2022 жылғы қаңтардан бастап микроқаржылық ұйым клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті.

Одан бөлек қазақстандықтарда жалған берешектің пайда болуына жол бермеу және олардың мүдделерін алаяқтардан қорғау үшін 16 қаңтардан бастап алаяқтық тәсілмен ресімделген микрокредит бойынша берешекті реттеу тәртібі қолданылады.

Егер қазақстандық микрокредиттің заңсыз ресімделгені туралы полицияға мәлімдесе, микроқаржы ұйымы үш күнтізбелік күн ішінде жалған микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұруға және клиентке қатысты талап қою жұмысын тоқтатуға міндетті. Қазақстандықтар берешектің бар-жоғын бірінші кредиттік бюроның ресми сайтынан өзі туралы кредиттік есепті сұрату арқылы тексере алады. Одан бөлек бірінші кредит бюросына жүгінуіне болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары