$ 494.87  520.65  4.91

«TikTok құрбаны»: Ақтауда теңізге батып кеткен студенттің соңғы видеосы пайда болды

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады.

Ақтаулық құтқарушылар теңізге батып кеткен 18 жастағы студенттің денесін тапты. Ол теңізде сүңгіген видеосын Желіде жарияламақ болған, - деп хабарлайды Lada.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады. 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, суға батып кеткен жігіт өлі табылған. 8 мусымда сағат 7:33 шамасында сүңгуірлер 2004 жылы туған студенттің денесін алты метр тереңдіктен алып шыққан. 

Еске салайық, 7 маусымда Ақтауда Бейнеу ауданының тумасы, қаладағы колледждердің бірінде 1-курс оқитын студент теңізге батып кеткені хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыз: 18 жастағы студент TikTok түсіремін деп Каспий теңізіне батып кетті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары