$ 446.49  475.38  4.79

Астана көшелерінің бірінде су құбыры жарылды

Елордада Күйші Дина және Тәуелсіздік көшелері қиылысында су құбыры жарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдегендей, ағын салдарынан осы аумақтың тас жолын су басты. Қазіргі таңда «Астана су арнасы» қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен. Тәуелсіздік көшесі бойында жұмыстар ретке келтіріліп, су беріле бастады.

«Астана су арнасы» таратқан мәліметі бойынша, осы көшелерде екі күн бойы су беру үдерісі қалпына келтірілді. Олардың айтуынша, апатты жағдай жойылғаннан кейін тас жол жабыны қалпына келтіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары