$ 444.32  473.33  4.76

Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел қамалды

Ол кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусым күні сағат 17.00 шамасында Тараз қаласының 2-полиция бөліміне қалалық №1 ауруханасынан хабар түскен. Онда 47 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатымен түскені айтылған.

Ер адам келесі күні жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 43 жастағы азаматтық некедегі әйелі ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,  дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Күдікті бұрын сотты болмаған. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары