Ақтөбедегі құрылыс нысанының маңынан денесі табылған 6 сынып оқушысының туыстары жанайқайын жеткізіп, құзырлы органдардан шұғыл шара қолдануды сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ит атуға рұқсат берілмейді" деген заң шығарған адамға лағынет айтамын. Ит иесі табылсын. Шара қолданылсын. Қала ішінде, үй арасында жүрген иттерге шара қолданбағандар да жауапқа тартылсын. Себебі Ақтөбеде қаңғыған иттің адамға шауып, талап жатқан жағдай бірінші рет емес. Немеремнің сондай зәбірмен қиналып, екі көзі жәудіреп, көмек болмай қиналып кеткеніне жүрегім қан жылап тұр. Адамның жаны қадірсіз, ит қымбат болып тұр.", деп мәлімдеме жасады ит талап өлтірген Мадиярдың әжесі.
Ал қайғылы жағдайға пікір білдірген Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов қызметінен кетуге әзір екенін хабарлады.
"Жағдай қиын болып тұр. Ит саны көбеймесе, азаймады. Жауапқа кім тартылады? Әр адам өз жұмысына жауапты болуы керек. Облыс әкімінің орынбасары ретінде мен де жауаптымын. Облыстық ветеринария басқармасы, қалалық ветеринария стансасы, ветеринар маман жауапты. Осы жұмысты атқара алмадың десе, мен қызметімнен кетуге әзірмін",- деді Иманқұлов.
Тағы да оқыңыз: Тағы бір бүлдіршін бұралқы иттің құрбаны болды