$ 494.87  520.65  4.91

Шиповских: Қазақ тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі

Бүгінгі таңда көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар екенін айтады депутат.
Фото:  Orda.kz
Фото: Orda.kz

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских 1001 түн бағдарламасында қонақта болып, тойдағы әдепсіздіктер мәселесі бойынша пікір білдірді.

Депутаттың пікірінше, қазақ тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі болып отыр. Сондай-ақ, көрші елдерде той өткізуге қатысты арнайы заң бар екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда той тақырыбы халық арасында мәдениет қалыптастыратын дүние. Негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі. Парламент депутаты болғаннан кейін тойдың заңнамасына тоқталғым келеді. Бүгінгі таңда көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар. Егерде сіз той жасайтын болып, 200-300 адам шақырсаңыз той бюджеті 1 млн теңге болу керек. Одан асқан жағдайда арнайы комиссия 3-4 млн теңге аралығында айыппұл салады. Жалпы бұл мәселе бұрын көтерілген еді. Сол кезде қоғам бұған дайын болған жоқ. Мәселе қозғар алдында әлеуметтік зерттеулерге жүгіндік, – деді Шиповских.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары