Жаңалықтар 10.06.2022 сағат 18:20

Жапония Ресейге жүк көліктері мен бульдозер бермейтін болды

Мұның алдында Жапония Ресейге люкс санатындағы көліктердің, қымбат алкоголь сусындарының, косметика мен былғары заттырдың экспортына тыйым салған.
Жапония Ресейге жүк көліктері мен бульдозер бермейтін болды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жапонияның сауда министрлігі 17 маусымнан бастап Ресейге жүк көліктері мен бульдозерлер экспортына тыйым салды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы елдің Экономика, өнеркәсіп және сауда министрі Коити Хагиудо мәлімдеді.

«Үкіметтің 7 маусымдағы шешіміне сәйкес, Ресейдің өнеркәсіп базасын күшейтетін тауарларға экспорт жасау тоқтатылады. Сондықтан 17 маусымнан бастап жүк көліктері, бульдозерлер мен өзге де құрылғылар жіберілмейді», — деді ол баспасөз жиынында.

Мұның алдында Жапония Ресейге люкс санатындағы көліктердің, қымбат алкоголь сусындарының, косметика мен былғары заттырдың экспортына тыйым салған. Одан бөлек, мұнай өңдеуге арналған жоғары технологиялық құрылғылар мен квантты компьютерлердің, 3D принтерлер экспортын тоқтатқан.

Украинаға шабуыл басталғалы Жапония Ресейдің 507 азаматына, ЛНР мен ДНР-дің 253 адамына, 201 ресейлік компанияға, 11 банкке санкция салған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар