$ 445.66  474.58  4.78

Шілдеде қанша күн демалыс бар?

Шілдеде ел тұрғындары екі мерекені атап өтеді - Астана күні және Құрбан айт мерекесі.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін биыл шілдеде 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні болады. Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 жұмыс күні және алты демалыс күні болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді - Астана күні және Құрбан айт мерекесі. Биыл Астана күні - 6 шілде, яғни сәрсенбіге түседі. Бұл ретте демалыс күндер ауыстырылмайды. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн - 6 шілдеде демалады. 

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары