$ 494.87  520.65  4.91

Өнерлінің өрісі кең

...Балаларға ерекше назар аудару керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Еліміз бойынша 2022 жыл - «Балалар жылы» деп бекітілгені баршамызға мәлім. Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін», - деп Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзінде жеткізді. Осы орайда, Skifnews.kz ақпарат порталы ақылды да өнерлі балаларды және олар ойлап тапқан дүниелерді таныстыру мақсатында шолу жасап бүгінгі матеиалында кеңінен тоқталады. 

«Балалар жылына» орай биыл балаларға арналған бірқатар шаралар өтті. Соның бірі Өскемен қаласындағы студенттер мен оқушылар қатысуымен өткен IT-фестивальі. 

«New generation» деген атаумен өткен фестивальда жер-жерден келген мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу студенттері бой көрсетті. Білім мен ғылым бағытындағы ірі ІТ-көрмеге балалар мен жасөспірімдер құр қол келмей өз жобаларын арқалай келіп, оларды таныстыру арқылы бір-бірімен жинаған тәжірбиелерімен бөлісті. 

Шарада О. Бөкей атындағы №44 лицей-мектебінің оқушылары Ділназ Нәбиолда және Дияс Ермұханбетов өздері ойлап тапқан антисептик шашатын қызмет атқаратын роботты көпшілікке таныстырды. Датчик арқылы ісін жүзеге асыратын робот ана тілімізде еркін сөйлеп, вирустық инфекциялардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді. Бүгінде робот оқушылардың өздері оқитын мектепке орнатылып өз пайдасын тигізіп жүр. 

Сондай-ақ, өзге де қатысушылар бірнеше сағат бойы өз өнертабыстарын таныстырды. Олардың ішінде «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-жобалар», «Robotime», «ClusterPro» және тағы басқалары бар. Қауіпсіздік шараларын қадағалайтын, түрлі ойындары бар және оқыту жұмыстарына арналып жасалған жобалар бар. 

Жалпы фестиваль нағыз ғылым алаңына айнала білді. Қатысушылар да бүгінгі заманымызға сай технологиялардың соңғы жетістіктерімен жан-жақты танысып, таным көкжиектерін кеңейте түсті.

Тағы бір өрісі кең оқушы Петропавл қаласынан табылды. Мектеп оқушысы күнделікті тұтынатын тағамның жарамдылық мерзімін тексеруге болатын әдіс ұсынды. Оқушының мұны ойлап табуына себепші болған жайт – әжесінің жарамсыз астан уланып, ауырып қалғандығы болған. 

Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушысы Нәби Ғали астың балғын күйін тексеретін индикатор ойлап тапты. Көзге жай бір сұйықтық болып көрінетін ол бір мезетте-ақ оны жеуге болатынын немесе бомайтынын көрсетеді. Бұл өнертабыс сүт, ет сияқты күнделікті өмірге керек және тағы басқа да қосалқы тамақтардың күйін анықтап беретін артықшылыққа ие. 

«Бүгінде барлық дүкен сөрелерінде түрлі тауарар толып тұр. Оларға деген сұраныстың көптігінен таңдау да көп. Сол санының көптігінен азық-түлікті дұрыс таңдау, олардың жарамдылық мерзімін тексеру көп жағдайда қиындық тудырады. Тауардың сыртында пайдалану уақыты жазылып тұрса да, кейбір жерлерде оларды тиісті температурада сақтамайды. Әсіресе, кішкентай балалар мен қарт кісілерге сыртындағы қаптамамен танысып тұру көп жағдайда оңай емес. Ал мерзімі өтіп кеткен асты тұтынған адамның ауырып қалуы ғажап емес. Менің 80-ге таяған әжем ашып кеткен сүтті алып, онымен пісірілген асты ішкеннен кейін асқазаны ауырып, төсек тартып қалды. Тауар сыртындағы датаға қарамастан, дүкен иелері өнімнің бұзылмауына қолайлы жағдай жасай алмаған. Соның салдарынан сүттің химиялық құрамы бұзылып, адам организміне кері әсерін тигізген», дейді Нәби Ғали.

Оқушының бұл индикаторды ойлап тауып іске асыруға биология пәнінің мұғалімі көмектескен. Ол Нәбиге жетекшілік жасап, бағытын көрсетіп отырған. Шәкірті екеуі түрлі эксперименттер жасап, зерттеулер жүргізген. Ендігі ойға алған ісі – бұл өнертабыстарын күнделікті қолданысқа енгізу болып отыр. 

Коронавирус індеті өршіген кезде онымен күресуге бар әлем жұмыла кіріскені барлығымыздың есімізде. Індеттің саябырсығанына көп уақыт өте қойған. Аты жаман аурумен күресу жолында балалар да тыс қалмады. Бірі антисептик шашатын құрылғы ойлап тапса, Ақтөбелік оқушы «ақылды маска» жасапа шығарды. 

Бұл бетперденің әдеттегіден артықшылығы – біздің айналамыздағы зиянды қалдықтарды фильтрден өткізіп, адамның таза ауамен толық тыныс алуына жағдай жасайды. Екі бірдей қабатталған бұл маска атмосферадағы газды талдайды. Екінші қабаты сол лас қалдық пен вирустың ағзаға өтуіне бөгет жасайды. Бетпердені ультракүлгін сәуленің көмегімен тазартып алып, екінші рет пайдалануға да болады.

Халықаралық байқауда үздік деп танылған құрылғының авторы – Арман Жалғасбаев Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушысы. Жалғасы бар...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары