$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық дипломат Санкт-Петерборда тоналды

Санкт-Петерборда қазақстандық дипломат Бекжасар Нарбаевты тонап кетті, деп хабарлайды Интерфакс.

Ақпаратқа сәйкес, 30 шілде күні таңертең 71 жастағы дипломат Гончарный көшесіндегі «Паркинг» қонақүйінің мейрамханасында қараусыз қалдырған сөмкесін ұрлатып алған. Сөмкеде дипломатиялық төлқұжаты, екі фотоаппарат және ақша болған. РФ ҚК 158 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Бекжасар Нарбаев - ғалым әрі дипломат, көрнекті педагог. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа шақырылған. Еліміздің Түркиядағы, Пәкістандағы Елшісі болып, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2007 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының кеңесшісі әрі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары