Жаңалықтар 15.06.2022 сағат 15:00

Оңалту орталығының тәрбиешісі дамуында кемшілігі бар балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)

Келіншек соңғы кездері баланың мінезі өзгере бастағанын айтады.
Оңалту орталығының тәрбиешісі дамуында кемшілігі бар балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтандағы ерекше балаларға арналған жекеменшік оңалту орталықтарының бірінен шу шықты. Орталық тәрбиешісінің балаларды жұлқылаған сәті таспаланған видео желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан қала тұрғыны Жаңыл Ағабекова өзінің 3 жасар баласын танып, балабақша тәрбиешілерінің үстінен полицияға арызданыпты. Ол жекеменшік оңалту орталығында болған оқиғаны кездейсоқ әлеуметтік желілердің бірінен көріп қалған. Айтуынша, тілі шықпаған 3 жасар ұлы орталыққа 4 ай бойы барыпты. Келіншек соңғы кездері баланың мінезі өзгере бастағанын айтады.

Соңғы кездері балам оңалту орталығына бармаймын деп жылайтынды шығарды. Видеоны көрген соң, директорға «Бұл не деген бассыздық?» деп жазып жібердім. Кешірім сұрап, жауап қайтарыпты. Баламды жұлқылаған тәрбиеші ғана емес, мекеме басшылығы да жазаланса екен, – дейді Жаңыл Ағабекова.

Екі ата-ананың атынан арыз түскеніне қарамастан, орталық жұмысын әлі де жалғастырып жатыр. Ал полиция департаменті арыз бойынша «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуде міндетін орындамады» деген айыппен іс қозғаған. Сондай-ақ қалалық білім басқармасы да орталықтың үстінен прокуратураға арызданыпты.

Егер тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе, оған 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 40 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар