Парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов мұнда заңға қайшы ештеңе жоқ деп есептейді, деп жазды inbusiness.kz.
"Үш-төрт ай бұрын депутат болды. Бұған дейін ол депутат болмаған, салық төлеушілердің есебінен, бюджеттен жалақы алмаған. Бұл оның жеке құқығы. Ал мұнда мен заң бұзушылық көріп тұрған жоқпын. Біз ешқандай тексерістер жүргізбейміз. Әр депутат халықтың алдында, балалары қайда оқиды немесе отбасы қай жерде тұратынын айтуы керек. Өз басым балаларым қарапайым мектепте, №60 лицейде оқыды деп жауап бере аламын", – деді Ерлан Қошанов Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.