Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың құрамы мен ережесін өз Жарлығымен бекітті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесші Karin Erlan өз телграм арнасында жазды. Құрылтай құрамы қоғамға қозғау сала білетін азаматтық қоғам белсенділері мен елтұтқа азаматтардан құралыпты. Аузы дуалы ақсақал аға буын мен сөзі алымды, пікірі шалымды орта буының белді өкілдерінің басы қосылатынын байқадық. Еңбек Ері Ilya Zhakanov, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, математик Асқар Жұмаділдаев, қоғам және мемлекет қайраткері Жақсыбек Күлекеев, Alikhan Baimen, саясаткерлер Ермурат Бапи, Нұртай Сабильянов, Turlykhanov Daulet Bolatuly, Darhan Qydyráli сынды атағы атан түйеге жүк болар есімдердің болуы Құрылтайдың салмағын арттырары сөзсіз.
Орта буыннан биотехнолог-ғалым, қазақстандық вакцинаның түзушісі Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, тіл ғылымының білгірі Anar Fazyljan , белгілі қоғам белсендісі, эколог Azamatkhan Amirtay, жоғары білім саласының белді өкілі академик Каримбек Арыстанбекович Курманалиев, Rauan Kenzhekhan, қар барсының жоғын жоқтаған Arman Kashkinbekov да осы құрамнан табылуы қоғамдағы білім, денсаулық сақтау, тіл, дін және экология сынды толғақты мәселелердің күн тәртібінде тұрғанын аңғару қиын емес. Мемлекет бұл мәселелерге жіті мән беріп отыр деп түйдік. Құрылтай құрамында барлығы 117 адам бекітіліпті.
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, Ұлттық құрылтайдың алғашқы құрамына әрбір өңірдің Қоғамдық кеңесінен бір өкілден еніпті. Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі де сонда. Мұны да жөн екен дедік. Яғни, ел ауқымындағы пікіралмасу алаңында барлық өңірдің өз өкілі бар, географиялық аспект ескерілгені қуантады.
Одан өзге Парламент депутаттары, саяси партиялар, бизнес, медицина, білім беру, мәдениет, спорт, адамдардың құқын қорғау және басқа да салалық құрылымдарының белді өкілдері Ұлттық құрылтайдың осы құрамынан табылған екен. Өзбасым саясаттанушы депутат Айдос Сарым, Erlan Sairov, Жанарбек Әшімжан, Жұлдыз Сүлейменова қоғам қайраткері Мурат Абенов, фермерлер қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев, адам құқын қорғаушы Aiman Umarova, медиа-менеджерлер Ләззат Танысбай, Берік Уәли, Канат Сахария, бас редакторлар Клубы Президенті Бибигуль Жексенбай, Serik Abikenuly, жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек. өнер қайраткері Азамат Сатыбалды, журналист Maxat Tolykbay, кәсіпкер Syrymbek Tau, «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин, саясаттанушылар Talgat Kaliyev, Гульмира Илеуова , Maigeldinov Kazbek, қоғам белсендісі Aigul Orynbek, Samat Nordman Nurtaza, жастар белсендісі Olzhas Suleimen, ректорлар корпусынан Қарағандыдан Нурлан Дулатбеков, Алматыдан Gulmira Qanay , көп балалы аналардың күйін күйттеп жүрген Ләззат Қожахмет, заңгер Marat Bashimov мембасқару академиясы Ақмола филиалы директоры Bella Gazdiyeva Kodzoyeva және тағы басқа танымал есімдердің Құрылтай құрамына енуі мемлекеттің қоғам мен билік арасында жан-жақты, толыққанды диалог орнатуды көздейтін талпынысын аңғардық.
Демек, салалық аспект де қамтылып отыр, әркімнің мүддесі ескерілді. Құрылтай жұмысына жастар көшбасшылары мен қоғам белсенділері де тартылыпты. Сондықтан жас жағынан алғанда аға буын, орта буын және жас буынның түрлі мүддесі ескеріліп отыр.
Ерлан Қарин сондай-ақ, бұл Құрылтайдың бұрынғы Ұлттық кеңестен ерекшелігін де айтыпты. Айтуынша, бұрынғы ұлттық кеңес көбіне күнделікті күйіп тұрған өзекжарды мәселелерді талқыласа, ұлттық құрылтай ұлтты біріктіретін алысқа бағытталған, келешекті көздейтін стратегиялық маңызды мәселелер бойынша талқылау өткізіп, ұсыныс жинайды.
Ұлттық құрылтайдың аясында онлайн-платформа құрылған екен. Бұдан былай елдің көкейтесті мәселесіне қызығушылық танытқан барлық азамат Ұлттық құрылтайдың хатшылығына өз ұсыныс, пікірін жібере алады.
Жаңа Қазақстанның осындай жаңашыл бастамаларына сәттілік тіледік. Құрылтайдың әрбір мүшесі расында да қоғамда өзіндік орны бар салмақты тұлғалар екеніне қуандық. Баршасының еңбегі жана берсін. Құрам мықты. Қалғаны ісінен көрінсін!
Қанат Әуесбайдың фэйсбук парақшасынан