$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 31 жастағы әйел 16-шы қабаттан секіріп кетті

Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұр-Сұлтан тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті. Тергеу жүріп жатыр.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары