$ 448.15  483.46  4.86

Есіл өзенінде 12 жасар қыз суға батып кетті

Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Есіл өзенінде 12 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Кеше, сағат 19:39-да Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында қайғылы оқиға орын алды. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды»,– деп жазды ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары