$ 494.87  520.65  4.91

«Қамқоршы әйел араққа салынып кеткен»: Жетісу облысында төрт жетім бала аш күйде табылды

Тексеру кезінде әйелдің үйінде мүлде тамақ болмаған. Тек бос арақ пен сыра бөтелкелері табылыпты.

Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында тәртіп сақшылары төрт жетім баланы аштықтан құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлері бақылаушылармен бірге ата-анасыз қалған балаларды асырап алушылардың үйіне тексеру жүргізу кезінде төрт баланың аш отырғанын анықтады. Ал олардың қамқоршысы мас болған. Тіпті үйдегі тоңызытқышта ешқандай азық-түлік жоқ. Тексеру кезінде әйелдің үйінде мүлде тамақ болмаған. Тек бос арақ пен сыра бөтелкелері табылыпты. 

“Аталған факті бойынша білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органының бас маманы және Қаратал ауданы ювеналды полиция тобының аға инспекторы жетім балалардың қорғаншы үйінде тұрмыстық тексеру актісін жасады. Тексеру барысында қамқоршының мас күйде екені анықталды. Әйел аудандық ауруханаға жеткізілді.

Медициналық мекемеде ол медициналық куәландыру рәсімінен өтті. Науқастың орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Бүгін 09.06.2022 жылғы №243 бұйрық бойынша кәмелетке толмаған балалар Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды өңірдің білім басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары