$ 494.87  520.65  4.91

Мәдениет саласының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойған.

Павлодар облысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойған. Ол осы ісі  үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілініп отыр.

«Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасағаны және атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген Антикор хабарламасында.

Күдіктінің кінәсіне қатысты толық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады. Қосымша ақпарат қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары