Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутат мандатынан айрылуы мүмкін.
Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналисттерге берген сұхбатында айтты.
— Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов.
Бұған дейін әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысып жатқанын жазғанбыз. Алғашқысы, саясаттанушыны «балабол» десе, Сәтпаев «саяси ұстанымын ауыстырудың шебері» деп жауап қайтарды.
Дереккөз: orda.kz