$ 444.22  476.38  4.82

«Лифт 25-қабатқа соғылды»: Алматы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды

Кадрларға қарағанда, ер адам қолын жарақаттап алған, лифт ішінде де қан көрінеді.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды. Лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Лифтте бір адам болған.

"Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа соғылды. Отбасымызбен осы тұрғын үй кешенінде 4-қабаттан лифтпен түстік. 1-қабатқа түскенде менен басқасының бәрі шықты. Есіктер жабылмастан, лифт жылдам жоғары көтеріле бастады. Жоғарыда біреу шақырып, есікті жаппады ма деп ойладым. Ол 7-қабатқа көтеріліп, одан әрі 25-қабатқа дейін жылдамдығы арта түсті", - делінген видео сипаттамасында.

Кадрларға қарағанда, ер адам қолын жарақаттап алған, лифт ішінде де қан көрінеді.

Алматы әкімдігі оқиға туралы ақпаратты растады. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін Тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары шыққаны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары