$ 448.89  477.93  4.76

Атырауда бес жасар егіз қыз 3-қабаттан құлап кетті

Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, басты себеп – тұтқасы оңай ашылатын, әрі қорғалмаған терезе. Терезедегі москит торы тәуекелді арттырады.

Атырауда бес жасар егіз қыз 3-қабаттан құлап кеткен. Олар ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, терезеден құлаған егіз қыздың пәтерде қараусыз қалғаны анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісінен 27 маусымда түнгі сағат 22:10-да хабар түскен. Егіздер Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданындағы көп қабатты үйдің 3-қабатындағы терезеден құлаған. Балалар ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

«Биыл балалардың терезеден құлауына байланысты екі жағдай тіркелді. Соның салдарынан 3 бала түрлі дене жарақатын алды, Ал, былтыр тіркелген осындай төрт оқыс оқиғадан 3 бала жарақат алып, 2 адам қайтыс болды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, басты себеп – тұтқасы оңай ашылатын, әрі қорғалмаған терезе. Терезедегі москит торы тәуекелді арттырады.

«Балалар москит торына сүйенуге болады деп ойлайды. Алайда, москит торы баланың салмағына шыдамайды. Оқиғалар хроникасына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар түседі. Бұл осындай оқыс оқиғаның 80%-ын құрайды. Балалардың терезеден құлау дерегінің жартысы терезенің жанына жиһаздың қойылуымен, ересектердің балаларды қорғауға немқұрайлы қарауымен байланысты болып отыр. Сол себептен, бірнеше қарапайым ережені есте ұстау қажет. Біріншіден, терезе 12,5 см-ден астамға ашылса, балалардың терезеден құлап кетуі мүмкіндігі артады. Екіншіден, барлық терезеге 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Үшіншіден, механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, желдету режимінде де жұмыс істеуі қадағалануы тиіс. Төртіншіден, балаларды терезенің қасында ойнатпаған жөн. Өтіп бара жатқан көлікті, өзге нәрселерді көрсету үшін оларды терезенің алдына отырғызбау керек. Бесіншіден, терезенің жанына жиһаз қоймау және москит торына сенбеу қажет», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары