$ 494.87  520.65  4.91

Қаңғыбас иттер жаңа туған сәбиді ауруханадан алып кетіп, талап өлтірген

Баланың жоғалып кеткенін байқаған ата-анасы сәбиді көшедегі қаңғыбас иттердің аузынан тапқан көрінеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Үндістанның Харьяна штатындағы Панипат қаласында қаңғыбас иттер жаңа туған баланы ауруханадан ұрлап, талап өлтірген. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қала тұрғыны Шабнам толғағы келіп ауруханаға жеткізіліп, сол күні ұлды болады. Күйеуі Аас Мохаммад та босану кезінде жұбайының жанынан табылған. Осыдан кейін жас ана аурухананың бірінші қабатындағы жалпы палатаға ауыстырылады. Оның жанында күйеуі, қайын енесі және тәтесі қонған. Әйелдің өзінен басқа барлық отбасы мүшелері палатаның еденінде ұйықтаған. Баланы емізгеннен кейін, әпкесі оны еденге қойып, жанына жатқызған.

Алайда түнде отбасы мүшелерінің бірі оянып, баланың жоқ екенін байқайды. Ол қалғандарын оятып, барлығы жаңа туған нәрестені ауруханада іздей бастайды. Ақыр соңында олар көшеге шығып, баланы қаңғыбас иттердің аузынан тапқан көрінеді. Иттер оны аурухана бөлмесінен ұрлап, тістеп, талағаны белгілі болды.

Туыстары баланы бірден ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер жаңа туған нәрестенің қайтыс болғанын жеткізеді. Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Отбасы мүшелері ауруханада қауіпсіздік қамтамасыз етілмегеніне наразылық танытқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары