$ 494.87  520.65  4.91

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қатысты тергеу бастады

Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеп жатыр. «»
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Антикор мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның төрт жоғары оқу орны - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті сауда-саттыққа шығарылған. ЖОО-дағы қатысу үлестерін сату туралы шешімді Қаржы министрлігі шығарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары