$ 494.87  520.65  4.91

ЛГБТ жалауын желбіреткен мешіт «Махаббат – халал» деп ұрандатты

Жалау шілде айының соңына дейін ілінбек.

Берлиндегі либералды мешіт ЛГБТ туын көтерді. Мешіт имамдарының бірі басқа мешіттер де олардан үлгі алады деген үмітте, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұма күні кемпірқосақ жалауын желбіреткен Берлиндегі Ибн Рушд-Гете мешіті бұл ту лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендер және квирлер қауымдастығының (LGBTQ) мақтанышы мен әртүрлілігінің белгісі екенін айтты.

Германия астанасының Моабит орталық аймағында орналасқан мешіт ЛГБТ туын адамдардың шағын тобының алдында көтерді. Олардың арасында Берлин мәдени сенаторы Клаус Ледерер де бар.

Шараға қатысушылар ЛГБТ-ның шілде айында қалада жоспарланған бірқатар іс-шаралары қарсаңында киімдеріне "Махаббат – халал" деген жапсырмалар жапсырды. 

Мешіттің алты имамының бірі Мо эль Кетаб мешітті "басқалардан өзгеше адамдар үшін өз өмірлерінің рухани жағын сезінуге арналған қауіпсіз орын" деп атады.

Жалау шілде айының соңына дейін ілінбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ЛГБТ