$ 494.87  520.65  4.91

Әскери гарнизондарда 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

Осыған байланысты сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында әскери мүліктер ұрланған, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура.

Ведомство мәліметінше, гарнизондарда шамамен 825 млн теңгедей соманың заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдары ұрланған. Осыған байланысты сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.

Әскери прокуратура Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеріп жатыр. Онымен Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары айналысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары