Қайғылы жағдай Тереңкөл ауданының Береговое ауылында орын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 02.10-да Мир көшесіндегі жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы ер адамның пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар денелері табылды.
- Марқұмның кәмелетке толмаған баласы аман қалды, ол бөлмелердің біріне тығылып қалған. Аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді департаментте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес - «екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Қылмысты тергеумен Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысады. Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды.