$ 524.58  551.91  4.93

WBO экс-чемпионы Головкин мен Канело жекпе-жегіне болжам жасады

Бірақ оның бұл жекпе-жекке қандай дайындықпен келетіндігін байқау керек.

WBO International нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы экс-чемпион Магомед Курбанов (22-0, 13 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57 -2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Менің ойымша, Канело жеңіске жетеді. Бірақ оның бұл жекпе-жекке қандай дайындықпен келетіндігін байқау керек. Егер Сауль Дмитрий Биволмен болған жекпе-жектен кейін қорытынды шығармаса және сол қалпында көрініп, шаршаса Головкин тізгінді қолға алуы мүмкін»,- деді ол.

Еске салайық, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды. Бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде С.Альварес төрешілер шешімімен Қазақстан спортшысын жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары